top of page
  • Writer's pictureЗәуре Батаева

Мәтелдер/тұрақты сөз тіркестері қалай пайда болады

«Байын/күйеуін жоқтап отырып, қоян қуып кетті» - дейтін әжеміз, бір шаруаны аяқтамай жатып, басқа нәрсемен айналысып кеткенде. Мамамыз сол кісілерден естісе керек, осы мәтелді көп қолданатын. Жиі еститінмін мамамнан. Кейде сабағын қаратып отырып, немерелерінің көңілі басқа нәрсеге ауып кетсе: «Есеп шығарып отырып, қоян қуып кеттің ғой» - деп күлдіріп жататын. Расында да, аздап өзгертсе, назары басқа нәрсеге ауып кету жағдайын тамаша суреттейтін күшті мәтел. Баламасы да жоқ-ау деймін. Әлде бар ма?


Мен бұл мәтелді осы уақытқа дейін тіл қорында баяғыдан бар белгілі мәтел екен деп жүріппін. Көп естіген соң, мағынасына аса мән бермегенмін ғой. Мүлдем олай емес екен. Бұл мәтел, яғни идиомалық сөз тіркесі, өте күлкілі естілгенімен, шын болған аянышты оқиғаға негізделген екен. Жуықта бір нәрсеге орай есіме түсіп, мамамнан сұрасам, аты-жөні де белгілі адамдармен болған жағдайдан туындаған аймақтық мәтелдердің бірі екен:


Баяғы аштық кезінде болса керек, бір әйел күйеуін жоқтап отырып, жүгіріп бара жатқан қоянды көріп, соны қуып кетіпті. Бала-шаға аш отырса, жоқтау жайына қалады ғой. Аймақтағы жұрт не күлерін, не жыларын білмей, содан бері осы жағдайды мәтел қылып алған екен.

bottom of page